Жаңалықтар тізбегі
0

Еділ Оспан ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

ҚР үкіметі, Оқу-ағарту министрлігі Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Еділ Сабырұлы Оспан ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі жариялады.

Еділ Оспан 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.

Білімі:

А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Ұлыбританиядағы Эксетер унивреситетін (University of Exeter) бітірген.

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы "Құқық және экономика" колледжінің оқытушысы болып бастаған.

Әр жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

  • 2007-2010 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.
  • 2010-2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы, инспекторы.
  • 2019-2020 жылдары Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары.
  • 2020 жылы – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.
  • 2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.
  • 2023 жылғы ақпан айынан бастап — Үкімет аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз