Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі қызметінен босатылды

Гани Бейсембаев , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 09:35 Фото: primeminister.kz
2025 жылғы 29 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Ғани Бейсембаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда жазды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Ғани Бейсембаев бұл лауазымды 2023 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келген.

Бұдан бөлек, бүгін, 29 қыркүйекте, президент Жаслан Мәдиевті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне тағайындады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: