Оқу-ағарту министрі болып Ғани Бейсембаев тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Асхат Аймағамбетовты қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекет басшысы Асхат Қанатұлы Аймағамбетовты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатты.
Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
- Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.
- 1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.
- 1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
- 1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.
- 1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.
- 2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.
- 2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.
- 2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры.
- 2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры.
- 2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.
- 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.
- 2022 жылы 18 наурызда ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript