Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Оқу-ағарту министріне бірқатар тапсырма берді

Президент қабылдауы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Оқу-ағарту министрі, Ғани Бейсембаев , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 16:39 Сурет: akorda.kz
2024 жылы 13 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ғани Бейсембаев Президентке өткен жылы 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылғанын баяндады. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен. Жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарған.

Оқу-ағарту министрі тәрбие жұмыстары басым бағыттардың бірі болып қала беретінін айтты. "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" жалпыұлттық құндылықтарына негізделген "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы қолға алынды.

Мемлекет басшысына орта білім сапасын арттыру туралы айтылды. Мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілген. Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған.

Президентке техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобалар таныстырылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: