Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Зүлфия Сүлейменова, кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 18:33 Сурет: akorda.kz
2023 жылы 21 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Арнаулы өкілге алдағы шараларға, атап айтқанда биыл қараша айына жоспарланған Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ негiзгi Конвенциясына қатысушы тараптардың 28-конференциясына және 2026 жылы БҰҰ аясында өтетін Аймақтық климаттық саммитке дайындық жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді, делінген Ақорда хабарламасында.

"Сондай-ақ Президент шетелдік серіктестермен арадағы ықпалдастықты, соның ішінде экономиканы декарбонизациялау және ауаға таралатын метан мөлшерін азайту бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті", делінген хабарламада.


Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Зүлфия Сүлейменова, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 18:33

Сурет: akorda.kz


Зүлфия Сүлейменова 21 қыркүйекте ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі атанып, жаңа лауазымға ие болды. Алдында ол 2023 жылдың 4 қаңтарынан 1 қыркүйегіне дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқарып келген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: