Жаңалықтар тізбегі
0

Илон Масктің компанияларына миға арналған чиптерді адамға сынап көруге рұқсат берілді

Илон маск, миға чип салу, ми, зерттеу, ғылым, технология, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 09:25 Сурет: pixabay
АҚШ денсаулық сақтау министрлігі SpaceX пен Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маскқа Neuralink компаниясында адамдарға клиникалық сынақтар жүргізуге және чиптерді имплантациялауға рұқсат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы компанияның Twitter-дегі хабарламасында айтылған.

"Біз FDA-дан (Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы) адамдарға арналған алғашқы клиникалық сынақты бастауға рұқсат алғанымызды қуана хабарлаймыз", – делінген хабарламада.

Neuralink бұл технология көптеген адамға көмектесуге мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін атап өтті.

Клиникалық сынақтарға қатысушыларды тарту туралы ақпарат жақын арада жарияланатыны айтылды.

Илон Маск адам миын чиптеу ойын 2020 жылғы мамырда айтқан еді.

2021 жылдың сәуірінде Neuralink өз бетімен бейне ойындар ойнап жатқан маймылдың бейнежазбасын шығарды. Алдымен жануарға басқару үшін джойстик берілді, ал тапсырма сәтті орындалған соң, зерттеушілер оған тәтті тағам ұсынды. Содан кейін джойстик алынып, маймыл мидың күшін пайдаланып экрандағы курсорды жылжыта алды. Маск бұл технология зағип немесе сал ауруына шалдыққан адамдарға толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

2023 жылғы наурыз айында Neuralink адамдарда ми импланттарын сынау үшін серіктес іздеп жатқаны хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: