Айда тіршілік жоқ деп айтуға болмайды - ғарышкер
Сурет: pixabay
Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері Федор Юрчихин Айда микро тіршіліктің болуын 100% жоққа шығаруға болмайтынын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости ғарышкер Федор Юрчихин Айда жүргізілген сынақ туралы айтқанын, оның нәтижесі микроорганизмдер барын көрсеткенін хабарлайды.
"Криптоөмір немесе криптозоология деген ұғым бар. Халықаралық ғарыш станциясында біз бірнеше эксперименттер жүргіздік. Біз станцияның сыртқы бетінен сынақтар алдық және оның нәтижелері мұнда микроорганизмдердің шағын колониялары бар екенін көрсетті. Яғни, елестетіп көріңіз: плюс-минус 150 градус, радиация, ауаның болмауы, соның өзінде тіршілік бар. Микроорганизмдердің терең жер астынан, мүлдем басқа жағдайда табылуы да өмірдің өте күрделі екенін көрсетеді". Федор Юрчихин
Федор Юрчихин "Биориск" деген тағы бір экспериментті еске түсірді, оның барысында ХҒС-тың сыртына африкалық масалардың личинкалары орналастырылды. Ғарышта өткізген айларға қарамастан, олар тіріліп кеткен. Оның айтуынша, мұның бәрі ғарыш беттінде, басқа ғарыштық денелерде микроөмірдің барын 100% жоққа шығаруға болмайтынын білдіреді.
Сонымен қатар, ғалымдар екі аптаның ішінде алғаш рет Күндегі белсенділіктің қайта басталғанын мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript