Жапонияда әлемдегі ең көне жәдігерлердің бірі табылды
Сурет: Нагахама және Сига қаласының әкімшілігі
Indiandefencereview басылымының жазуынша, бұл жаңалық ел тарихы туралы жаңа мәліметтерді ашты.
Археологтар 10 мың жыл бұрынғы дерлік бүтін күйінде сақталған керамикалық құмыраны Жапониядағы Бива көлі түбінен тапқан.
Бұл – әлемдегі ең көне керамикалық артефактілердің бірі болып саналатын ерекше олжа. Ғалымдар құмыра табылған аймақтың Жапонияның көне дәуіріне қатысты көптеген құпияларды сақтауы мүмкін екенін айтады.
Бива көлінен табылған биіктігі 25 см шамасындағы керамикалық құмыра Дземон дәуірінің тұрғындары жасаған бұйым болуы ықтимал.

Сурет: Нагахама және Сига қаласының әкімшілігі
Керамика су астындағы Цудзураодзаки қирандыларынан табылған. Бұл аймақ 1920-жылдардан бері археологтардың назарында. Соңғы жылдардағы технологиялық жетістіктердің арқасында зерттеушілер бұрын қол жеткізу мүмкін емес деп саналған тереңдіктерді зерттеуге мүмкіндік алуда.
Бұған дейін қазақстандық ғалымдардың иттердің пайда болу тарихын зерттеп, тың жаңалықтар ашқанын жазғанбыз.