Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей мен Қазақстандағы базалық мөлшер­лемені салыстыру дұрыс емес – Пірматов

Ұлттық банк, базалық мөлшерлеме, инфляция, кредиттеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2022 16:20 Сурет: Zakon.kz
Кейбір сарапшылардың Қазақ­стан мен Ресей орталық банктерінің базалық мөлшерлемелерін салыстыратырып жатады. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов осыған орай пікірін білдіріп, валюта нарығындағы ахуалға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей банкі биыл ақпан айында негізгі мөлшерлеменің 9,5 пайыздан 20 пайызға дейін – екі есе артуынан кейін экономиканың құлдырауынан болып жатқан дефляциялық процестерді ескере отырып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін оны 9,5 пайызға дейін төмендетті.

Ресейде бірнеше аптадан бері дефляция байқалып отыр, маусымдық түзетілген инфляция соңғы уақытта межеленген деңгейден айтарлықтай төмен болды, бұл ретте мөлшерелемені қарқынды төмендету – заңды құбылыс. Ресейдегі жағдайға қарағанда, Қазақ­станда рецессия күтілмейді, кері­сін­ше, іскерлік белсенділіктің, сұра­ныстың өсуі жағдайында қосым­ша фискалдық импульс аясында инфля­циялық қысымның одан әрі күшеюі күтіліп отыр. Осы орайда Ресей мен Қазақстандағы базалық мөлшер­лемелерді салыстыру дұрыс емес.Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов

Базалық мөлшерлеменің инфляцияға әсері

Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу режімінде ақша-несие саясатын жүргізе отырып, ортамерзімді перспективада инфляциялық мақсатқа қол жеткізуді көздейді.

Макроэкономикада қабылданған шешімдердің бірден нә­тиже бермейтінін түсіну керек. Ұлт­тық банктің ағымдағы шешімі ин­фляция бойынша мақсатқа бірден емес, бірнеше айдың көлемінде қол жет­кізуге бағытталған. Ұлттық банк орта мерзімді нысаналы бағдарлардан болжанатын инфляция траекториясының алшақтығын қысқарту үшін барлық қажетті шараны қабылдап отыр, инфляциялық таргеттеудің мәні де осында. Әзірге біз ставканы төмендетуге себеп көріп отырған жоқпыз. Мөл­шер­леме 2024 жылдың аяғында таргеттелетін диапазонға жақындайтын траекторияға сәйкес инфляция деңгейі азайған жағдайда төмендейді.Ғалымжан Пірматов

Ұлттық банк төрағасы Қазақстан экономикасын кредиттеудегін базалық мөлшерлеменің рөліне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, экономиканы несиелендіру мәселелері – Қаржылық реттеу және қаржы нарықтарын дамыту агент­тігінің құзыретінде.

Ұлттық банк өз тарапынан 2021 жылдың шілде айынан ақша-кредит саясатын қатаңдату циклін бастады. Егер беріліп жатқан жаңа несиелерді қарастыратын болсаңыз, оның көлемі, әсіресе бизнеске беріліп жатқан несиелер, айтарлықтай қомақты. Мысалға, өткен жылдың өзінде бизнеске берілген жаңа кредиттер 20,3 пайызға өсіп,11,1 трлн теңгеге дейін жетті. Экономикаға берілген несиелердің жалпы көлемі 24,8 пайызға, 19,5 трлн теңгеге дейін өсті. Яғни несиелендіру азайған жоқ. Ғалымжан Пірматов

Пірматовтың сөзінше, Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдағанда инфляциямен күрес пен экономиканың өсуі арасындағы теңгерімді ескере отырып, инфляцияны төмендету бойынша неғұрлым икемді сценарийді таңдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: