Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда банк саласында мемлекеттік тілде қызмет көрсету мәселесі талқыланды

Мемлекеттік тіл, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2022 22:36 Сурет: Zakon.kz
Республикалық банктердің Павлодар облысы бойынша филиалдары қызметкерлерінің қатысуымен онлайн кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәліметінше, кездесу барысында басқарма өкілдері көрнекі ақпарат жөнінде және тұрғындардан кейбір нысандарда мемлекеттік тілде тиісті қызмет көрсетілмейтіні туралы келіп түскен өтініштер  жайлы баяндап, қоғамның барлық қызмет көрсету салаларында тұтынушы тілінде сапалы қызмет көрсетілуі тиіс екендігін еске салды.«ҚР Ұлттық банкі» РММ  Павлодар филиалының жетекші маман-аудармашысы Айнаш  Құланбаева 2012 жылдан бастап жалпы тұрғындар, оның ішінде банк қызметкерлері де Қазтестен өтетінін атап өтті. Қазтестен өтуге ниет білдірген адамдар басқармаға өтініш жасай алады, делінеді Pavlodarnews.kz таратқан ақпаратта.

ҚР Ұлттық банкі Павлодар филиалының қызметкерлері де бағдарламаны іске асыру бойынша жоспарға сәйкес басқармаға өтініш бере отырып, жыл сайын диагностикалық, сертификаттық тестілеуге қатысады. Бұл ретте, басқарма тек ұйымдастыру жұмыстарымен ғана айналысқанымен,  сұрақтарға жауап беріп, жәрдемдесіп отырады, - дейді Айнаш  Құланбаева.

Оның айтуынша, ҚР Тіл туралы заңына сәйкес халықпен, тұрғындармен жұмыс жасайтын мекемелерде, ұйымдарда келушілерге, тұтынушыларға қызмет екі тілде көрсетілуі тиіс. Яғни өтініш қай тілде берілсе, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде жауап берілуі керек. Келушілер қай тілде өтініш жасаса, мекеме қызметкері сол тілде сапалы жауап беруге тырысу керек. Әр мекемеде тұтынушылар толтыратын құжаттардың үлгілерін, мысалы, өтініш бланкілерін келушілерге екі тілде ұсыну қажет. 

Жыл сайын Ұлттық тестілеу орталығы Торайғыров универститетінің базасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеуді өткізеді. Жалпы 2012 жылдан бастап өңірімізде аталған тестілеуден 20 мыңнан астам адам өткен. 2021 жылы 600-ден аса азамат тестілеуге қатысты. «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеу шарасын осы жылдың қазан айында өткізу жоспарланған, делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: