Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк ақшаның жаңа түрі - цифрлық теңгенің не үшін қажет екенін түсіндірді

Берік Шолпанқұлов, ҚР Ұлттық банк, цифрлық теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2023 19:34 Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Қазақстан азаматтары цифрлық теңге – ұлттық валютаның үшінші түрін қолдана алады. Қолма-қол ақша секілді цифрлық теңге де Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады. Сәйкесінше, цифрлық теңге төлем құралы, құн өлшемі және айналым құралы қызметін атқарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, цифрлық теңге – цифрлық инновациялық экономиканың заманауи сұранысына жауап беретін төлемнің жаңа құралы.

"Цифрлық теңге POS-терминалдар, QR-код, банктердің мобильді қосымшалары, биометрия сияқты әдеттегі банктік сервистер арқылы қолжетімді болады. Смарт-келісімшарттардың функционалын, бағдарламалану мүмкіндігін пайдалану арқасында цифрлық теңге нарыққа жаңа өнімдер мен сервистерді құруға мүмкіндік береді. Бұл төлем тізбегіндегі бірқатар процесті автоматтандыруға және тиімділігін арттыруға жол ашады. Сондай-ақ, цифрлық теңге офлайн режимде транзакциялар тізбегін жүргізу мүмкіндігі арқасында интернет шектелген жерлерде қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолжетімді етеді", - деді ол.

Сондай-ақ ол 2024 жылы жоба жаңа қатысушыларды қосу және сервистерді көбейту арқылы кеңейтілетінін баса атап өтті. Атап айтқанда, бұл – интернетсіз цифрлық теңгедегі транзакцияларды жүзеге асыру функционалын іске асыру, трансшекаралық төлемдерді оңтайландыру, цифрлық активтер бойынша есеп айырысудың сенімді тетіктерін құру және басқа да инновациялар.

Ұлттық банк, цифрлық теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2023 19:34

Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі

"Осы бағыттар бойынша дайындық жұмыстары мен алдын ала зерттеулер қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр. Мысалы, "SWIFT" сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта трансшекаралық төлемдердің мүмкіндігі туралы зерттеу жүргізілуде. Биыл Халықаралық есеп айырысу банкінің mBridge бастамасына бақылаушы мемлекет ретінде қосылу жүзеге асырылды". Берік Шолпанқұлов

Оның айтуынша, жоспар бойынша, цифрлық теңгенің нысаналы архитектурасын енгізу жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы керек.


Бинұр Жаленов, Ұлттық банк, цифрлық теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2023 19:34

Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі

"Цифрлық теңге инновациялық қаржылық қызмет көрсетудің негізін құрайтын блокчейн технологиясының әлеуетін ашады, төлемдерді тиімді етеді, сонымен қатар дәстүрлі қаржы мен цифрлық активтер арасына "көпір" болады. Цифрлық теңге экожүйесі іске қосылды, енді көп ұзамай қазақстандықтар оның алғашқы өнімдерін пайдалана алады", – дейді Ұлттық төлем корпорациясының төрағасы Бинур Жаленов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: