11 наурыздағы саудада доллар айтарлықтай төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 11 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,73 теңгеге төмендеп, 488,53 теңге болды.
Қытай юанінің орташа бағамы 67,42 теңгеге (-1,42) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 487,9-490,9 теңге, еуро 530,5-536,5 теңге, рубль 5,49-5,63 теңге аралығында сатылуда.
11 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мамыр фьючерстерінің құны 0,38%-ға өсіп, барреліне $69,54 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 0,30%-ға өсіп, барреліне 66,23 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 494,84 теңге, еуроны 537,4 теңге, рубльді 5,58 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript