ҰЭМ жеңілдетілген салық режимін шектеу жөніндегі жобаны қоғамдық талқыға ұсынды
Сурет: pexels
Құжатқа сәйкес, жеңілдетілген салық режимін пайдалану құқығынан табысы 600 мың АЕК-тен (жылына 2,3 млрд теңге) аса жоғары компаниялар, басқа фирмалардың қатысуындағы 25%-дан астам заңды тұлға, АЭА және "Астана Хаб" қатысушылары, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, телекоммуникация, қаржы, сақтандыру, IT, консалтинг, ҒЗТКЖ және т. б салалардағы бизнес өкілдері айырылады.
Шектеулер 1111 қызметтің 795-іне әсер етеді (ЭҚЖЖ-ның шамамен 70%-ы), бірақ салық төлеушілер тұрғысынан, шамамен 30%.
Халық көп тартылған қызметтің 300-ге жуық түрінде АСР сақталады: 2 мың шаршы метрге дейінгі алаңдардағы бөлшек сауда (дәріханалар мен онлайн-сатылымдарды қоса алғанда), қоғамдық тамақтану орындары, тұрғын үй мен көлікті жалға беру, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жолаушылар тасымалы, тұрмыстық қызметтер, білім беру, медицина, спорт, мәдениет және ауыл шаруашылығы салалары.
Министрлік салық төлеушілердің шамамен 70%-ына қатысты жеңілдетілген салық режимі өз күшін сақтайтынын атап өтті. B2C сегментінде жұмыс істейтін шағын бизнес те АСР-ды қолдана береді, ал үлкен ойыншылар жалпымен белгіленген режимге ауысады. Бұл ретте айналымы жылына 40 млн теңгеге дейінгі компаниялар өтпелі кезеңде ҚҚС төлеуден босатылады.
Жоба өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілген 46 қызмет түрін қамтиды.
Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлері тізбесінің жобасында 795 қызмет түрі бар.
Жобалар 13 қазанға дейін "Ашық НҚА" порталына қоғамдық талқы үшін орналастырылды.