2026 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем мөлшері өседі
Фото: Zakon.kz
Үкімет 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынып жүрген көлемінен 10%-ға артады.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында 20 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем
Асырауында болған адамдарға тағайындалады және ол мемлекеттік жәрдемақымен қатар төленеді. Оның мөлшері әр адамға жеке есептеледі. Төлем алушы 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі бөлімде оқитын болса, 23 жасқа дейін беріледі.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу бойынша төлем
Бұл төлем мемлекеттік мүгедектік жәрдемақымен қатар тағайындалады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript