Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын жас мамандар аталды

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2025 12:04 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда 24 жасқа дейінгі IT мамандар орта есеппен айына 637 мың теңге жалақы алады – бұл бүкіл экономика саласындағы өз қатарластарынан 2,3 есе жоғары (орташа жалақы – 280 мың теңге), деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы ұсынды. Деректер жыл сайын ірі және кейбір орта, шағын ұйымдар арасында жүргізілетін зерттеулер негізінде жасалған. Data Hub мәліметінше, зерттеу 3,3 миллион қызметкерді қамтиды.

IT саласындағы жас қызметкерлер арасында ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда едәуір жоғары. Орташа есеппен, ер жігіттер 690 мың теңге, ал қыздар 558 мың теңге алады. Айырмашылық шамамен 20%, дегенмен бұл сома да ел бойынша өз қатарындағы әйелдердің орташа жалақысынан 2,3 есе жоғары.

Алайда, қыз-келіншектер арасындағы ең жоғары жалақыны қазір кино, бейнефильмдер және музыкалық шығармалар өндірісі саласында жұмыс істейтіндер алады – олардың орташа жалақысы 583 мың теңгеге жетеді. Ал дәл осы салада жұмыс істейтін жас жігіттердің орташа жалақысы – 400 мың теңге шамасында.

Бұған дейін Қаржы нарығында кірістерді заңдастыруға қарсы шаралар күшейтілгенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: