Қаржы нарығында кірістерді заңдастыруға қарсы шаралар күшейтіледі

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2025 10:41 Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығын реттеу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимылға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобада бірқатар жаңа нормалар көзделген:

  • Қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе холдинг мәртебесін алуға өтініш берген тұлғаларға келісім беруден бас тартуға негіз ретінде бенефициар иесінің кірістерді заңдастыру, терроризмді қаржыландыру немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы сотталғандығы (жазасын өтемеген немесе алынбаған) қарастырылған;
  • Қаржы ұйымдары клиенттің күдікті операцияларын бақылау тәртібі енгізіледі;
  • Клиенттің тәуекелін автоматты анықтау үшін скорингтік модульдерді (әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинақтайтын жүйе) қолдану мүмкіндігі қарастырылады.

Агенттік аталған түзетулер қаржы нарығында кірістерді жылыстатуға, терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы жүйені жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 24 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: