Тоқаев кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Подписание законов, назначения, Акорда, резиденция Президента РК  , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 19:17 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қыркүйекте қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған заң кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы ұлттық жүйені жетілдіру, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша қаржылық шаралар әзірлеу тобының халықаралық стандарттарын іске асыру мақсатында әзірленген.

Заңда мыналар көзделген:

  • Қаржылық мониторинг субъектілерінің жаңа санаттарын енгізу (қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, тауар биржасында жұмыс істейтін биржалық брокерлер және биржалық тауарлармен мәміле жасайтындар, ұялы байланыс операторлары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы) және уәкілетті органды белгілеу;
  • Қаржылық мониторинг субъектілері үшін күдікті қызмет туралы уәкілетті органға хабарлама жіберу міндетін енгізу.

Бұдан бөлек, кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жүйесі екі деңгейге бөлінеді:

  • Ұлттық деңгейдегі бағалау – оны қаржылық мониторинг бойынша уәкілетті орган жүргізеді;
  • Салалық (секторалдық) деңгейдегі бағалау – оны мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде қаржылық мониторинг субъектілерінің Қазақстан Республикасының ПЖ/ҚТ (ПОД/ФТ) заңнамасын сақтауын бақылау негізінде және уәкілетті органмен келісілген әдістеме бойынша жүргізеді.

Елімізде жұмыс аптасы ішінде заңнамада қандай өзгерістер болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: