Экономист несие қай кезде адамға қолдау болатынын, ал қай кезде нағыз қорқынышқа айналатынын айтты
Сурет: Zakon.kz
Экономист Руслан Сұлтанов несие қандай жағдайда тиімді құрал бола алатынын және қандай жағдайда ол қаржылық ауыртпалыққа айналатынын түсіндіріп, өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы маман өзінің "Экономический ликбез" Telegram арнасында жазды. Оның айтуынша, ең бастысы, несиеден бойды мүлде ала қашуға болмайды, алайда, әрдайым қандай бағамен нақты не сатып алып жатқаныңызды түсіну маңызды. Ол несие сыйлық емес, қаржылық механизм екенін еске салады.
"Несие - бұл уақытты сатып алу. Мәселен, қандай да бір затты Сіз бүгін сатып аласыз, ал оның ақысын болашақ табысыңызбен төлейсіз. Бір сөзбен айтқанда, бұл қазір мен болашақ арасындағы алмасу", - дейді сарапшы.
Ол несие адамның расында пайдасына жұмыс істеп, құндылық құруға көмектесетін бірнеше жағдайларды жеке-дара атайды.
"Несие шынымен де пайда әкеледі, егер құндылық құрып, бағаны сақтаса: жалға беру ақысынан арзанға түсетін ипотека, кірісті арттыратын білім немесе ақша табуға сеп болатын көлік. Егер несиенің пайыздық мөлшерлемесі инфляциядан төмен болса, онда арзан ақшаға қол жеткізгеніңіз. Егер Сізде "қауіпсіздік жастығы" болса, онда несиеңіз отбасылық бюджетке көп салмақ сала қоймайды", — дейді Сұлтанов.
Алайда, оның айтуынша, несие ауыр қаржылық қиындыққа әкеліп соқтыратын жағдайлар бар.
"Қиындықтар адам қажеттілік емес, бір мезеттік рахаты немесе мәртебесін арттыру үшін несие алған кезде басталады. Егер төлемдер кірісіңіздің 30%-ынан асатын, ал пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары болатын болса, онда үсті-үстіне несие тіркеуге тура келеді, ал бұл - қарызға батудың нағыз жолы", деп ескертеді экономист.
Бұған дейін сатушы кейбір дүкенде карта емес, QR-мен төлем жасау неге талап етілетінін айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript