Жаңалықтар тізбегі
0

Ауызашар: сәресіне тұрудың 8 пайдасы

Ауызашар: сәресіне тұрудың 8 пайдасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2023 15:07 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қасиетті Рамазан айында мұсылман қауым ораза ұстап жүр. Осы ретте ҚМДБ ұсынған сәресін ішудің пайдасы туралы ақпаратты бөліспекпіз.

Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлының жазуынша, сәресіне тұрып, тамақтанудың мынадай 8 пайдасы бар:

  1. Сәресіде берекет бар. Таң сәрісі – мұсылман үшін берекелі уақыт. Өйткені бұл кезде шынайы ниетпен жасалған құлшылық пен дұға қабыл болады.
  2. Сәресі ішу басқа дін өкілдерінің оразасы мен мұсылман үмбетінің оразасы арасындағы айырмашылықты айшықтайды. 
  3. Сәресі ішкен адам Алланың рақымына бөленеді және періштелер сол адам үшін Алладан кешірім тілейді.
  4. Сәресі – ризық жинаудың орайлы сәті. Бұған қатысты Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген екен: «Таң намазын оқығаннан киін ризықтырыңды табудан қапы қалып, ұйықтамаңдар». Сәресіге тұрған адам құлшылығын жасап болған соң, ризық жинау үшін амал етеді.
  5. Сәресі ерте тұруға дағдыландырады. Халқымызда «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген жақсы сөз бар. Расында, ерте тұру адамның денсаулығы мен өміріне жақсы әсер етеді. Ерте тұрған адам күні бойы сергек жүреді. Ерте оянған адам сол күнге жоспарлаған жұмыстарын артығымен орындайды.
  6. Сәресі – Алладан кешірім сұрайтын сәт. Осы сәтте Алла өзінің Рақымды, Кешірімді сипатымен пендесінің дұғасын қабыл етіп, оның күнәсін кешіруі мүмкін. 
  7. Сәресіге тұру денсаулықтың жақсаруына әсер етеді. Қазір медицина мамандары таң атар алдында ұйқыдан ояну адам денсаулығына оң әсер ететінін айтып жүр. 
  8. Сәресі тамағы ораза ұстаған адамға күш-қуат береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәресі ішу арқылы өзімізге көмектесу қажеттігін өсиет етіп кеткен. Сәресін ішкен адам күні бойы әлсіздік пен аштықты сезбейді. Сондықтан біз сәресіге тұру арқылы өзімізге көмектесуіміз керек.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: