Танымал дәрігер аспириннің қауіпті екенін ескертті

Дәрігер, Александр Мясников, аспирин, қауіпті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2025 17:14 Сурет: Zakon.kz
Танымал ресейлік дәрігер Александр Мясников елдегі ең қауіпті дәрі атауын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл арада "аспирин" туралы сөз болады.

"Бүгінгі таңда ең көп адамды жер жастандыратын ең қауіпті дәрі қайсысы? Бізде, Ресейде деймін? Аспирин", - деді дәрігер "Ресей 1" телеарнасындағы "О самом главном" бағдарламасы эфирінде.

Мясниковтың айтуынша, басқа елдерде адамның өміріне қауіп төндіретін тамырларға зақым келу фактісі тіркелмесе "Аспирин" тағайындамайтын болған. Ол қан сұйылтатын қасиеттеріне байланысты аспирин миға қан кету, қатты қан кету түрінде кері реакция тудыруы мүмкін екенін айтады.

Бұған дейін дәрігер әрі тележүргізуші Елена Малышева да аспириннің қауіпті тұстары барын ескерткен. Оның айтуынша, дәрі асқазанда қан кету түрінде реакция тудыруы мүмкін. Оның айтуынша, препаратты балаларға беруге тыйым салынады.

Жаңалық сипаттағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептіге теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын алдымен маманмен кеңескеніңіз жөн.

Қазақстанда қыздарға адам папиллома вирусына қарсы екпе салу басталғаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: