Қазақстан жолдарының ең қауіпті учаскелері аталды
Фото: Zakon.kz
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров 2025 жылғы 25 қарашада үкіметте өткен брифингте автокөлік жолдарының ең қауіпті учаскелерін атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол үш негізгі қауіпті учаскені атап өтті:
- Қарағанды – Алматы,
- Талдықорған – Өскемен,
- Ақтөбе – Атырау – Астрахань.
"Сонымен қатар өңірлік деңгейдегі толық тізім бар. Ол "ҚазАвтоЖол" сайтында жарияланады", – деп уәде берді Қалиақпаров.
Вице-министр елде осы мәселеге ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.
"Ақтөбе облысында жолдардың апатқа қауіпті учаскелері бар. Қазақстан бойынша мұндай учаскелер саны 50-ден асады. Барлық өңірде жұмыстар жүргізіледі. Жол белгілері орнатылады, ІІМ, біздің қызметтер мен ТЖМ тарапынан ерекше бақылау жүргізіледі", – деп қосымша мәлімет берді спикер.
Еске салсақ, қыркүйекте Қазақстанда ақылы жолдардан өту ережелері жаңартылған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript