Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының тоғыз жаңа жағдайы тіркелді

COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК Қазақстанда 27 мамырға арналған эпидемиологиялық ахуал туралы деректерді ұсынды. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, еліміздің үш өңірінде тоғыз жаңа жағдай анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының тоғыз жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 3,
Алматыда - 5,
СҚО-да - 1.
Жалпы, елімізде 1 305 732 жағдай расталды.
КВИ-ден сауыққандар туралы ақпарат
Коронавирус инфекциясынан жеті адам емделіп жазылды:
Алматыда - 5,
Қостанай облысында - 1,
Павлодар облысында - 1.
Жалпы, елімізде COVID-19-дан 1 291 975 адам сауыққан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз