Жаңалықтар тізбегі
0

Рестораторлар Ауыл шаруашылығы министрлігінен қант сұрап отыр

Қазақстан, қант, Ауыл шаруашылығы министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2022 10:27 Сурет: Zakon.kz
Қант бағасының жоғары болуы рестораторларға қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Көкөністер мен жемістерді алдын ала дайындап қою мүмкін емес, әдеттегі ас мәзіріне де зияны тиеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рестораторлар қауымдастығы қоғамдық тамақтандыру қызметі әлі де 2019 жылғы ковидке дейінгі табыс деңгейіне оралуға тырысып жатқанын айтады. Қазір қант қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік бермей тұр: не жоқ, не удай бағамен сатылады, деп мәлімдеді КТК.

Кафедегі орташа чекті ұлғайту да мәселені шеше алмайды: қалған клиенттен айырылып қалуың мүмкін.

Өлместің күнін көріп отыр, әйтеуір бір жерден қант табады. Бірақ өздеріңіз де түсініп отырсыздар, баға бұрынғыдай емес. Әлбетте, бағасы әлдеқайда қымбат. Қанттың келісі 750-800 теңгедан сатылуы дұрыс емес. «ҚР рестораторлар клубы» қауымдастығының жетекшісі Гүлнар Қатыбаева

Ірі мейрамханалар бұл қиындықты еңсеруі мүмкін. Алайда кофеханалар мен кондитерлік өнімдер сататын дүкендер көбірек зардап шегіп отыр. Орташа алғанда, мұндай мекемелер аптасына шамамен 150 келі қант пайдаланады. Екі жергілікті желі жабылғалы тұр. Басқа дәмханалар да солардың күйін кешуде.

Қант, негізінен, HoReCe-нің кез келген асханасында кафесі болсын, мейрамханасы болсын барлық жерде қолданылады. Дастархандағы алғашқы ингредиент – наннан бастап. Өйткені ашықтының өзі қант қоспаса, көтерілмейді. Қант көптеген дәмдеуішке, соустарға, кейде тіпті ет маринадтарына қосылады. Халықаралық дәрежедегі аспаз Александр Смехнов

Ауыл шаруашылығы министрлігі қазір елде арзанырақ болғандықтан, тұрақтандыру қорындағы қантқа ғана сұраныс артқанын айтты. Сондықтан алыпсатарлар бағаны қолдан көтеруге жол бермеу үшін шектеулі мөлшерде сатады.

Ведомстводағылар отандық зауыттарда қант өндірісі қалыпты жұмыс істеп жатқанын айтты. Облыстық әкімдіктердің мәліметінше, республикада 26 мың тоннадан астам қант қоры бар.

Қазір барлық сауда нүктелері мен базарларда қант нарықтық бағамен еркін сатылып жатыр. Маусым айында құрақ қантынан қант өндіру шамамен 38 мың тонна болса, шілдеде 37 мың тоннаны өндіру жоспарланған. 350 мың тонна көлемінде қант пен құрақ қант шикізатын импорттауға квота бөлінді. Өңірлердің қантпен қамтамасыз етілуіне де мониторинг жүргізілді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев

Рестораторлар Ауыл шаруашылығы министрлігінен қант сұрады. Кәсіпкерлер қантты өндірістік мақсатта ғана пайдаланатынын алға тарып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: