Алматыда 38 градусқа дейін ыстық болады

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2022 15:42 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Алматының 20-22 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 32-34 жылы.

21 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 жылы.

22 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 36-38 жылы.

Осы аптада ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты дәрігерлер күн астында мүмкіндігінше аз уақыт өткізуге кеңес береді. Әсіресе, гипертония қаупі бар, қарттар мен балалар. Қатты ыстық кезеңде сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін жаяу жүруден бас тартқан дұрыс.

Ыстыққа қалай шыдауға болады?

  • Баскиім мен қолшатыр пайдалану керек;

  • Көбірек сұйық ішіңіз. Су бөлме температурасында болуы керек, салқын сусындар шөлді баспайды және тамақ ауруын тудыруы мүмкін;

  • Дене белсенділігін шектеңіз;

  • Суға түсіңіз, жуынып-шомылыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: