Қазақстанда 30 градусқа дейін жылы болады
Сурет: pxhere
Синоптиктер Қазақстанда 20-22 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құрғақ және күн ашық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, түнде әлі салқын, бірақ күн бірте-бірте ауаны жылытып, күндіз бүкіл Қазақстан бойынша ауа температурасы +23-30°С-қа дейін көтеріледі.
Тек батыс және оңтүстік-шығыс облыстарда тұрақсыз ауа райы сақталады. Мұнда найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін."Қазгидромет" РМК
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript