Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан жұмыссыздар үшін ашылатын жұмыс орнына қойылған шектеулерді алып тастамақ

жұмысшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2022 18:49 Сурет: Zakon.kz
Еңбек министрлігі 2016 жылғы 14 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға қабылдаудың шектеу нормасы 2022 жылдың басынан бері күшінде. Енді мұндай жұмысқа шектеусіз қабылдау ұсынылып отыр.

Жұмыс берушiлердiң шектеулi базасын ескере отырып, әсiресе ауылдық жерлерде (атап айтқанда, ауылдық жерлерде жұмыс берушiлер ауылдық округ әкiмдiгi, жалпы бiлiм беретiн мектептер, денсаулық сақтау мекемелерi және штат саны 1-5 адамнан тұратын жеке кәсiпкерлер), бірқатар өңірде бұл норманы енгізу барысында азаматтарды қоғамдық жұмыстармен қамтуда мәселелер туындады, – деп түсіндірді Еңбек министрлігі.

Сонымен қатар ашылатын жұмыс орындарының санын шектеу жұмыссыздар тарапынан наразылық туғызып отыр.

Осылайша қолданыстағы нормада мүгедектігі барлар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін құрылған жұмыс орындарын қоспағанда, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны қызметтік сынақтағы адамдар қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорының 40%-ынан аспауға тиіс деп көрсетілген.

Сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер мен жастар тәжірибесіне арналған уақытша жұмыс орындарының санына шектеуді алып тастау жоспарланып отыр.

Бұйрық жобасы 15 тамызға дейін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: