Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысында бұқа екі зейнеткерді сүзді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2022 14:03 Сурет: zakon.kz
2 тамызда Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында өгіз екі қарт адамды сүзіп кеткен. Әже ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
2 тамызда ауылда төтенше жағдай болды: көшеде келе жатқан өгіз 70 жастағы екі зейнеткерді сүзіп тастады. Салдарынан әжейдің жамбас сүйегі сынып, ауруханаға түсті. Бұған дейін құзырлы органдарға ескерту жасалған, олардың әрекетсіздігінен мұндай жағдай орын алған. Бұл мәселе бойынша аудан басшылығына хабарластық, бірақ әзірге ешқандай шара болған жоқ», - деп хабарлады аймақ тұрғындары Instagram парақшасында.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті келесіні түсіндірді.

2 тамызда Кербұлақ ауданының орталық аудандық ауруханасына екі адам түскен. 1954 жылы туған науқас Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасына жатқызылды (диагнозы: сол жақта сан сүйегінің сынуы). Екінші науқас амбулаторлық емдеуге жіберілді, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өз кезегінде әкімдік жануардың иесі анықталғанын қосты: оған айыппұл салынды.

Сондай-ақ аудан басшылығы жыл басынан бері тәртіп бұзған 315 ауыл тұрғыны жазаға тартылғанымен, көшеде мал аз емес дейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: