Жаңалықтар тізбегі
0

Үсік пен аптап ыстық: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Қазақстан, Қазгидромет, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2022 20:32 Сурет: pixabay
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 24 тамызда еліміздің тоғыз облысының тұрғындарына дауылды ескерту жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде -2°С үсік жүреді.

Атырау облысында күндіз +35°С ыстық сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында +35°С қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде -2°С үсік сақталады.

Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі, топырақ бетінде -2°C үсік болады. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында күндіз облыс орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с болады. Таразда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: