Жаңалықтар тізбегі
0

Еңбекмин елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейтінін айтты

Еңбек министрлігі, шетел азаматы, шетел жұмыс күші, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2022 11:17 Сурет: primeminister.kz
Еңбекминнің мәліметінше, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 434 шетел азаматы еңбек етіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек мигранттары негізінен Қытай, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және Ұлыбританиядан келеді.

Қытайдан 3 539 адам, Үндістаннан 1 801 адам, Түркиядан 1 707 адам, Өзбекстаннан 1 487 адам, Ұлыбританиядан 1 125 адам келді, – делінген Еңбек министрлігі таратқан ақпаратта.

Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 399 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Еңбекмин таратқан ақпаратқа сүйенсек, экономикалық қызмет түрлері бойынша шетел азаматтары ең көп жұмыс істейтін салалар:

  • құрылыс саласында – 6 137 адам (40%);

  • тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 515 адам (10%);

  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 211 адам (8%);

  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 143 адам (8% );

  • өңдеу өнеркәсібі – 1 071 адам (7%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Ведомство таратқан мәлімет бойынша, осы жылдың қаңтар айында Еңбекмині ШЖК тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 21 097 бірлікке дейін, яғни 7 255 бірлікке (25%) қысқартты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: