Артық сөзсіз, тек іс жүзінде. Салтанат Тұрсынбекова не себепті зорлық-зомбылыққа қарсы нағыз күрескер?
Оның құқық қорғаушы ретіндегі белсенді жұмысын растайтын бірнеше деректер мен сандар жиынтығын назарларыңызға ұсынып отырмыз:
2017 жылы оның бастамасымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы жасалды. Жоба аясында Шымкентте әкімдік жанынан Отбасы, балалар және жастар ісі басқармасы құрылды. 17 ауыл мен шағын қалаларда отбасын қолдау қызметтері ашылды, онда психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер, тіпті теологтар да тұрғындармен нәтижелі жұмыс істеді.
Сонымен қатар, жанұялық жанжалдарға арналған медициналық психокоррекциялық ор-талық ашылды. Тәуелді адамдарды детоксикациялауға, оңалтуға көмектесетін бірегей сауықтыру бағдарламасы әзірленді, оған есірткі мен алкогольді тұтынуды тоқтату бойынша психологиялық кеңес беру, отбасылармен кешенді жұмыс және қайта әлеумет-тену курсы кіреді.
Оның жасаған шараларының арқасында жүздеген әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқарылды.
Бір ғана «Гаухартас» фабрикасы қиын өмірлік жағдайға тап болған 35 отбасына көмек көрсетті.
10 мыңнан астам кеңестер беріліп, 400 азаматқа нақты көмек көрсетілді.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 5 әйел зорлық-зомбылықтан қорғалып, жұмыспен қамтылған.
Күйеуі ұрып-соғып, сәләфилер лагеріне баруға мәжбүрлеген 29 әйелге көмек көрсетілді.
Жоба 180 баланың ата-анасы білмейтін ауыр сырқаттарын анықтады.
Шалғай ауылдардан 582 әйел онкологиялық диспансерге жіберілсе, оның ішінде Астана қаласында 2 әйелге ота жасалды.
Жоба аясында 130 балаға сол жерде көмек көрсетілді. Оның ішінде 11 бала алғаш рет құжаттарын қолына алды.
10 суицидтің алдын алды.
Жақын туыстарының балалар педофилиясының 6 фактісінің алдын алды.
Жәбірленушілер бөліспеген 15-тен астам сексуалдық зорлық-зомбылық фактілері анықталды.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты алғашқы ток-шоу Шымкентте түсіріліп, оған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен олардың отбасылары, ше-неуніктер, қазақстандық жұлдыздар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Эфир кезіндегі зорлық-зомбылықты бағдарламаға қатысқан әнші Роза Рымбаева да айыптады.
Қазақстан қоғамында көптен бері айтылып келе жатқан, бірақ талай қоғамдық талқылау-дан кейін кері қайтарып алынған «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңның авторларының бірі – Салтанат Тұрсынбекова.
Тұрсынбекова өзге де құқық қорғаушылармен, қоғам белсенділерімен бірге заң жобасындағы әрбір сөзді, детальді анықтауға көп уақыт жұмсады. Қазір ол заң қабылдауды талап етіп отыр, сонымен қатар денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғу түріндегі құқық бұзушылықтар үшін заңнаманы қатайтуды ұсынып отыр (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен ҚР Қылмыстық кодексіне ауыстырылған).
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ: ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ С.П.ТҰРСЫНБЕКОВАНЫҢ ӨКІЛЕТТІ АДАМЫ ДӘУЛЕТ Л.Н.
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ТӨЛЕНЕДІ