Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда Қала құрылысы кодексін қабылдау жоспарланып отыр

Қала құрылысы кодексі болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 17:49 Сурет: Zakon.kz
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Қала құрылысы кодексінің жобасына нормативтік-құқықтық саясат бойынша консультативтік-кеңес құжатын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала құрылысы кодексінде негізгі нормативтік құқықтық акт ретінде сәулет, құрылыс және қала құрылысына байланысты қатынастарды құқықтық реттеу, оның субъектілерінің мемлекетпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қағидаттарды жүйелеу және шоғырландыру ұсынылады.

Сонымен саланы құқықтық реттеу қағидаларының бірі "адал сенім презумпциясы" қағидаты болуы керек. Сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметi субъектiлерiнiң керiсiн тиiстi мемлекеттiк орган тиiстi түрде дәлелдегенге дейiн адал болатыны туралы мемлекеттiң бастапқы ұстанымын адалдық презумпциясы деп түсіну керек.

Тағы бір маңызды қағидат «мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі» қағидаты болуы керек. Бұл қағидат мемлекеттік органдардың кез келген мүдделі тұлғалардың, оның ішінде тиісті интернет-ресурстар арқылы барлық ашық ақпаратқа, оның ішінде мемлекеттік органдардың шешімдеріне, құжаттарына, есептеріне және т.б. кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету міндетін көздейді.

Әзірлеушілердің пікірінше, жоғарыда аталған қағидаттарды Қала құрылысы кодексінде бекіту мемлекет, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы саласындағы қатынастарын барынша жеңілдетуге ықпал етеді.

Министрлік сонымен қатар Қала құрылысы кодексін қабылдау сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласын түрлендіруге, оны сапалы жаңа деңгейге көтеруге, оны реттеуге кешенді және жүйелі сипат беруге мүмкіндік беретінін, сол арқылы ұзақ мерзімді өсу болатынын айтып отыр.

Айта кетейік, мұндай құжат Қазақстанда алғаш рет қабылданады.

Сонымен бірге құжатта сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға талдау жасалған. Онда құжаттардың бытыраңқылығы, түсініксіздігі, бірқатар процестердің белгісіздігі, жиі өзгерістерге бейімділігі, инвесторлардың жұмысын қиындататыны, халыққа түсіндіру жүргізілмейтіні, тиімсіз, шектен тыс реттелетін және ең бастысы, біздің еліміздің экономикалық ұйымының қазіргі формасына сәйкес келмейтін көптеген қайшылықтар белгіленген.

Әзірлеушілердің пікірінше, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер қолданыстағы құқықтық қатынастардың, сонымен қатар іс жүзінде қалыптасқан қатынастардың ерекшеліктері мен алуан түрлілігін толық есепке алмайды. Брақ бүгінге дейін тұрақсыз күйінде қалып отыр.

Бұл ретте құрылыс секторының ұлттық экономика құрылымында маңызды орын алатыны көрсетілген. Ол елдің жалпы ішкі өнімінің 5-6%-ына тең. Ал сабақтас салаларды есепке алғанда – әлдеқайда көп. Бүгінде Қазақстанда сәулет-құрылыс қызметі 2,5 мыңнан астам түрлі құжатпен реттеледі. Сыбайлас жемқорлықты тудыратын күрделі, бюрократизацияланған жүйе қалыптасты. Осы уақытқа дейін ескірген құрылыс нормалары мен стандарттары қолданылып келеді.

Құжат 30 желтоқсанға дейін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: