Көлікке мемлекеттік нөмірдің телнұсқасын қалай алуға болады: қазақстандықтарға нені білу керек

Көлікке мемлекеттік нөмірдің телнұсқасын қалай алуға болады: қазақстандықтарға нені білу керек , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 16:00 Сурет: Instagram/gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ көлікке мемлекеттік нөмірдің телнұсқасын қалай алуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгініп, телнұсқаны алу бойынша өтінім беру керек.

"Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет. Бір нөмірлік белгі үшін мемлекеттік баж 1,4 АЕК (2025 жылы 5504 теңге) құрайды",- деп нақтылады ведомство.

"Көлік құралы үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

  • Астана мен Алматы тұрғындары үшін — 5 жұмыс күні,
  • басқа өңір тұрғындары үшін — 15 жұмыс күні.

Корпорация телнұсқаны жеделдетіп алуға болатындығын да атап өтті.и

  • 1 жұмыс күні (өтініштерді қабылдау және нөмірлерді беру күнін есептемегенде) – Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Қызылорда, Түркістан, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал, Өскемен қалалары үшін;
  • 5 жұмыс күні (өтініштерді қабылдау және нөмірлерді беру күнін есептемегенде) – Жезқазған, Қонаев, Көкшетау қалалары, сондай-ақ аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар үшін.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеушілердің деректерін олардың келісімінсіз беру құқығына ие болғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: