Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің деректерін олардың келісімінсіз беру құқығына ие болды

Аудит, расчет, калькулятор, аудитор, юридическая проверка , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 12:53 Фото: freepik
Мәдениет және ақпарат министрі мен қаржы министрі бірлескен бұйрықпен мемлекеттік кірістер органдарының ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы Мемлекеттік кірістер органдары үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынатын мәліметтердің тізбесі бекітілді.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органы болып табылады.

Министрлігі осы Тізбеге енгізілген лауазымды адамдар жұмыстан шығарылған не өзге де болмаған жағдайларда Тізбеге өзгерістердің уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді.

Мәліметтерді беру мынадай тәсілдердің бірінде:

  • қағаз жеткізгіштерде;
  • электрондық жеткізгіштерде;
  • мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйесі болған кезде, Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер органдары сұрау салуын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде мәліметтерді Министрлікке ұсынады.

Өз кезегінде министрлік осы бірлескен бұйрық шеңберінде алынған мәліметтерді өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады.

Министрлік алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. Мұндай мәліметтерге рұқсаты бар адамдар өздерінің міндеттерін атқару кезеңінде де, оларды атқарып болғаннан кейін де мәліметтерді жария етпеуге тиіс.

Бірлескен бұйрық 2024 жылдың 31 желтоқсанынан бастап күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: