Сенбі күні Алматы облысында қатты аяз болады

Ауа райы болжамы, Алматы облысы, Қазақстан, аяз, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2023 16:43 Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, ауқымды солтүстік-батыс антициклон Қазақстан Республикасындағы синоптикалық жағдайға әлі де әсер етеді.

"Жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, тек республиканың шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен аздаған қар жауады, оңтүстігінде жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді, шығысында жаяу бұрқасын соғады". "Қазгидромет" РКМ

Түнде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде 25 градус қатты аяз болжанды.

Астана қаласы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -20-22°С, күндіз -10-12°С болады.

Алматы қаласы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -13-15°С, күндіз -3-5°С болады.

Шымкент қаласы – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде -12-14°С, күндіз 0,+2°С болады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: