"Әйелдерді алмайды". Өрт сөндірушілерге қатысты қызықты деректер
Өрт сөндірушілердің жұмысы ең қауіпті кәсіптер тізімінде, адамдар өрт сөндіру бөлімшелерінің тыныс - тіршілігі туралы көп біле бермейді. Көбінесе дабыл белгісі бар қызыл көлікті және өрт кезінде "101" нөміріне қоңырау шалу керектігін ғана біледі. Осыған байланысты "ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің" мамандарынан алғашқы ақпараттарды жинастырып, ең қызықты фактілер алдарыңызға ұсынылып отыр.
- көп жағдайда өрт сөндірушілер "үш күннен кейін" схемасы бойынша жұмыс істейді. Егер қандай да бір төтенше жағдай орын алса, онда олар үзіліссіз жұмыс істей алады.
- өрт сөндірушілердің үстіндегі киімді тігу үшін 150-ге дейінгі температураға төтеп бере алатын арнайы мата қолданылады. Сонымен қатар, ол концентрацияланған қышқылдар мен сілтілердің әсерінен қорғайды. Осы қасиеттердің арқасында өрт сөндірушілер адамдарды жанып жатқан үйлерден алып шығып, құтқара алады.
- жұмыстың өзі ғана емес, сонымен қатар олардың киімдері де ауыр. Өрт сөндірушінің үстіндегі киімнің салмағы 30 келіге дейін барады. Мұның барлығы киімнің неден жасалғанына және жабдыққа не кіретініне байланысты. Осындай жағдайларды ескере отырып, өрт сөндірушінің жұмысына тек физикалық дайындалған адамдар ғана жарамды екені түсінікті.
- өрт туралы шақыру келіп түскенде бөлімге форма киіп, оқиға орнына бару үшін жиналуға небәрі 60 секунд беріледі. Ол үшін олар өз формаларын ерекше тәсілмен дайындап қояды, мысалы, өртте киетін күртесі алдын-ала теріс аударылып, белгілі бір тәртіппен шлем, белдігі тағылған шалбар әзір тұрады.
- стандартты көлікте 5 тонна суды сақтайтын цистерна бар. Егер тек бір жағы қосылған болса, онда бұл көлем 7-10 минут ішінде жұмсалады. Әр көлікте сұйықтықты тез толтыруға арналған арнайы сорғы бар. Оны гидрантқа қосуға немесе ашық су қоймасынан су алуға болады.
- өрт сөндіру бригадаларының жұмысы көпшілік ойлағаннан да кең ауқымды қамтиды. Олар әртүрлі жағдайларда адамдарды құтқарады, мысалы, егер адам жеделсаты ішінде қалып кетсе немесе апат кезінде үйінділердің астында қалса. Сондай-ақ олар жануарларға да көмекке келеді: төтенше жағдайға тап болған иттер, мысықтар, сиырлар, құстар, кірпілер.
- сақалды немесе шашы жұқартылмаған өрт сөндірушіні ешқашан көрмейсіз, ыңғайлы және қауіпсіз жұмыс істеу үшін ережелерге сәйкес қысқа шаш үлгісі болуы керек.
- өрт сөндірушілердің жұмысы туралы фильмдер олардың жанып жатқан ғимаратта қалай оңай қозғалатынын және зардап шеккендерді немесе шығу орнын тез табатынын көрсетеді, бірақ шынайы өмірде бұл керісінше. Түтіннің салдарынан өртеніп жатқан үйде ештеңе көрінбейді, ал қатты сатырлап жанған от дыбысынан ештеңе естілмейді, тіпті адамдардың айғайы да. Мұндай жағдайларда масканы шешіп тастауға болмайды, әйтпесе өрт сөндіруші тұншығып қалуы мүмкін. Сондықтан құтқарушылар жанып жатқан бөлмелерде іс жүзінде жанасып, колмен сипап жүріп қозғалады.
- біздің елімізде өрт сөндіруші мамандығы тек ер адамдар болып келеді. Әйелдер өрт сөндіру бөлімінде тек диспетчер ретінде жұмыс істей алады.
- өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өздерін "пожарник" деп атағанды ұнатпайды, өйткені бұл өрт қоюшы немесе өртеуші дегенді білдіреді.
- өрт сөндірушілер ауысымның соңына дейін етіктерін тазаламайды, осылайша кезекті шақыруға түрткі болмайын деп ырымдайды.
- әріптестер бір-біріне ауысымды өткізген кезде бір-біріне әңгіме де, тілек те айтпайды. Бұл өрт болмасын деген ырымнан туындаған.
- өрт сөндірушіні қызметке қабылдау немесе зейнетке шығуы кезінде міндетті түрде оған өрт оқпандарынан су шашады.