Павлодар облысында зорлық-зомбылыққа қатысты 30 деректің жартысын педагогтар анықтады

Павлодар облысында 30 зорлық-зомбылықтың жартысын педагогтер анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2024 21:18 Сурет: pixabay
Павлодар облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина кейінгі уақытта жария етіліп жүрген зорлық-зорлық фактілерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon,kz,avlodarnews.kz.

Оның мәліметінше, биыл балаларға зорлық көрсетуге қатысты 30 қылмыс тіркелді.

"Оның 16-сы педагогтардың тарапынан ашылған деп айтуымызға болады. Олар балалардың жаңағы мінез-құлқын байқап, ата-аналарына кеңес айтып, тілдесу, кеңесудің арқасында осындай нәтижеге жетті деп білеміз", - деді Самал Айтқазина.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында 16 жастағы асырап алған қызын зорлаған күдікті өзіне қол жұмсағанын хабарлаған едік. Зорлық фактісі медициналық тексеру барысында анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: