Жаңалықтар тізбегі
0

Жигули Дайрабаев: Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен алынатын салық мемлекеттің тағдырын шешпейді

"Ауыл" партиясы, ауыл шаруашылығы өндірушілері, салық, Мәжіліс депутатын сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 22:00 Сурет: primeminister.kz
"Ауыл" партиясы ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін салықты алып тастау қажет деп есептейді. Бұл ұсыныстың мәнін партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев КТК арнасында өткен теледебат кезінде түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сіздер ауыл шрауашылығы өндірушілері үшін салықты алып тастауды ұсынып отырсыздар. Бұл дегеніміз – ауылдардың бюджеті бос қалады деген сөз. Онда нөлдік бюджетпен ауылдар қалай күн кешеді?", деген сұрақ қойылды Baytaq партиясынан.

"Ауыл" партиясының өкілі теледебатқа "Байтақ" жасылдар партиясының атынан қатысқан Айнұр Сәбитованы сұраққа біржақты қарамауға шақырды. 

"Республика бойынша 280 мыңнан астам әртүрлі формадағы шаруашылықтар қызмет жасайды. Мемлекеттің бюджетін білесіздер. Сол мемлекеттің қазынасына түсетін ақшаның бір пайызына жетпейтіндей көлемде салық төленеді. Ол мемлекет бойынша түкке де тұрмайды. Олай дейтініміз бүгінгі күнде "ауылға барып мал бағамын, егін егемін, трактор айдаймын, сиыр сауамын" дейтін адам кем де кем. Жастардың бәрі үдере көшіп жатыр", – деді Жигули Дайрабаев.

Ол қазір ауылда жұмыс істейтін адам жоқ екенін алға тарта келіп, мемлекеттің байлығын арттырамыз десек, ауылға қатты көңіл бөлу керек екенін айтты.

"Сондықтан ауылда жұмыс істейтін адамдарға мүмкіншілік жасау керек. Бір пайызға жетпейтін қаржы мемлекеттің тағдырын шешпейді", – деп түйіндеді сөзін "Ауыл" партиясының өкілі. 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: