Астанадан ұшып шыққан FlyArystan ұшағы Атырауға қонуға мәжбүр болды

ұшақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2023 11:30 Сурет: Zakon.kz

2023 жылғы 8 мамыр 23:30-дағы КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz FlyArystan-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз ауа райының қолайсыз жағдайлары жолаушылардың жоспарларына әсер еткені үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және әуекомпания барлық рейсті уақытында орындау үшін бар күшін салып жатқанын еске саламыз. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар live-chat қызметіне және WhatsApp-chat 24/7 қызметіне қолдау сұрай алатынын еске саламыз".FlyArystan

Әуекомпания сонымен бірге ауа райы қолайсыздағына байланысты болса да, рейстің жолаушылары екі сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрон пошта хабарламасын сұрай алатынын еске салды.

Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде-ыстық тамақ ұсынылады. Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне жүгіну керек.

Бес сағаттан артық кешіктірілгенде бір рет әуебилеттің уақытын тегін өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: