Жаңалықтар тізбегі
0

Дабыл қағылады: Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті халыққа үндеу жолдады

Шымкент, жер сілкінісіне байланысты оқу-жаттығу, Шымкент ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 18:00 Сурет: pixabay
Шымкентте жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар аясында 2023 жылғы 12 мамырда сағат 11.00-де құлақтандыру жүйесінің сиреналары іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқу тексерісі "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру дабылын, электросиреналарды қосу, теледидар мен радио арналарын автоматты түрде ұстап алу арқылы сейсмикалық жаттығулар өткізу туралы халықты бір уақытта хабардар етеді.

"Сиреналар естілген кезде үй-жайдан шығып, қауіпсіз ашық аймаққа өту керек", – деп ескертті төтеншеліктер.

Білім беру, денсаулық сақтау объектілерінде, адамдар көп жиналатын объектілерде адамдарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтаумен сейсмикалық жаттығулар өтеді.

Негізгі жаттығу орны – Қаратау ауданындағы Нұртас шағын аудандағы тұрғын үй кешені. Мұнда сағат 11:00-де ықтимал жер сілкінісі туралы хабарланған жағдайда тұрғындарды эвакуациялау жүргізіледі. Қалалық азаматтық қорғау қызметінің барлық жеке құрамы адамдарды құтқару және эвакуациялау, қирандылар астынан зардап шеккендерді шығару, өртті сөндіру, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша іс-шараларды іс жүзінде пысықтайды. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Осыған орай төтеншеліктер Шымкент қаласының тұрғындарынан сиреналарды жаттығу ретінде іске қосқанда түсіністікпен қарауды, тыныштық сақтауды әрі үрейленбеуді сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: