Шымкентте бірден 5 көлік соқтығысты

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 22:00 Сурет: Zakon.kz

Шымкентте бірден 5 көлік соқтығысты. Көлік апаты Ж.Тәшенов пен Н.Төреқұлов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Мұнда 5 көлік – Lada, Ваз 2115, Hyundai Tucson, Toyota Prado және Chevrolet соқтығысқан.

Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті, екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды.

Куәгерлердің айтуынша, апатқа Chevrolet жүргізушісі кінәлі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: