Жаңалықтар тізбегі
0

1 шілдеден бастап Қазақстанда такси жүргізушілері салық төлей бастайды

Такси жүргізушілер, Яндекс-такси, салық, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 12:27 Сурет: pixabay
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп интернет-платформаны пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзгеше тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Яндекс" интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері пилоттық жобаға ерікті түрде қатыса алады.

"Ол үшін Азаматтарға "e-salyq Business" мобильдік қосымшасын пайдаланып, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет", – деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Пилоттық жоба шеңберінде жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және такси жүргізушілерінің табысынан медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жөніндегі міндеттемелер интернет-платформа операторына ("Яндекс.Такси") жүктеледі.

"Интернет-платформа операторынан алынатын орындаушылардың табыстары туралы мәліметтер негізінде салық пен әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады әрі операторға такси жүргізушілерінің табыстары бойынша есептелген салық және әлеуметтік төлемдер сомалары туралы мәліметтерді береді", – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, интернет-платформа операторы салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және төлеуді кейіннен тиісті қорлар арасында бөлу әрі аудару үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының банк шотына әрбір әлеуметтік төлемге жеке төлем тапсырмалары арқылы жүргізетін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: