Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үкімет сағаты кезінде "қонақтармен жүрген"

Ұлықбек Тінәлиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 23:54 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігі
Бүгін, 17 мамырда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үкімет сағаты кезінде орнында болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-спикер Дания Еспаева Мәжілістегі үкімет сағаты кезінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиевті қосуды өтінген.

Осы кезде әкім орынбасарының орнына ішкі саясат бөлімінің басшысы Батырхан Қуанышбеков қосылып, оның "қонақтармен жүргенін" айтқан.

"Құрметті әріптестер, құрметті депутаттар, саламатсыздар ма! Өкініше қарай, облыс әкімінің орынбасары орнында жоқ. Қазір облыста қонақтармен жүр еді", - деді ол.

Ал Дания Еспаева "Онда сіз жауап бермей-ақ қойыңыз, сол қонақтарымен жүре берсін. Әкім орынбасарына бізден сәлем айтыңыз, ақтаулықтар қонақжайлы, оны білеміз. Сізден онда жауап керек емес" деп жауап берген.

Маңғыстау облыстық ішкі саясат бөлімінің басшысы Батырхан Қуанышбеков бұл жағдайға қатысты Facebook-те түсінік берді.

"Бүгін Үкімет сағаты кезінде Маңғыстау облысына қатысты сұрақ қойылды. Нұрмұхан Жантөрин атындағы драма театрының 20 жылдығын мерекелеу аясында өңірде ауқымды іс-шаралар өткенін түсіндіргім келген еді, бірақ менің сөзім бөлініп, "қонақтармен" осындай ыңғайсыз жағдайға тап болдым. Үкімет сағаты 15 мамырға жоспарланған болатын, бірақ кейін 17 мамыр сағат 14:00-ге ауыстырылды (Ақтау уақыты бойынша 13:00) республикалық ғылыми-практикалық конференция осы уақытта аяқталды, сондықтан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Үкіметтік сағатқа кешігіп келді. Республикалық ғылыми-шығармашылық конференцияға қатысу үшін 50-ден астам танымал қонақтар келді, олардың қатарында еліміздің танымал әртістері, театр сыншысы Еркін Жуасбек және театр және киноның көрнекті актері, режиссер, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды және еліміздің Театр директорлары бар. Бұл оқиғаға барлығы түсіністікпен қарайды деп ойлаймын", - деп жазды ол.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: