Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде көлік тұрғын үйдің кіреберісіне соқтығысты

ШҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2023 17:13 Сурет: ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Өскеменде көлік тұрғын үйге соқтығысып, кіреберіс шатырды бұзып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жол апаты 2023 жылғы 20 мамырда сағат 03:10 шамасында Гагарин бульварында 32-үйдің жанында болған.

Subaru Forester көлігін айдап келе жатқан 35 жастағы жүргізуші көліктің рөлінде ұйықтап қалып, жолдан шығып кеткен, содан кейін үйдің кіреберісіне барып соғылған.


Зардап шеккендер жоқ.

Subaru Forester маркалы көліктің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

"Көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және өзге де құрылыстардың немесе өзге де мүліктің зақымдануына, материалдық залал келтіруіне әкеп соғатын жол жүру ережесін бұзған жағдайда 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе көлік құралын басқару құқығынан 6 айға дейін айырылады".ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: