Алматыдағы Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

Алматыдағы Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысы уақытша жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 09:27 Сурет: Алматы әкімдігі
«Алматы жылу жүйесі» қозғалыс 1 шілде сағат 22.00-ден 2 шілде сағат 22.00-ге дейін болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 1 шілдеде сағат 22.00-ден бастап, 2 шілде сағат 22.00-ге дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы жабылады. Аталған қиылыстағы қозғалыс екі жаққа да жабылады.


"Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырға ағымдағы жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: