Жаңалықтар тізбегі
0

"Төлеуге міндеттісің дейді". Маңғыстауда суы жоқ ауыл тұрғындары ай сайын суға ақша төлеп отыр

Су тапшылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 20:55 Сурет: pexels
Маңғыстау облысы Батыр ауылына бес жыл бұрын су құбыры жүргізіліп, аптасына екі мәрте су келуі керек болған. Бірақ соңғы үш жыл бойында бұл құбырдан бір тамшы да су ақпаған. Есесіне, ауыл тұрғындарына тұтынбаған судың төлемі ай сайын келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атқа мінерлер не қысым жетпейді, не жөндеп жатырмыз деп сылтауратып, судың келуіне жауап бермегенімен, су төлемін талап етуге келгенде дөй көрінеді. Мысалы, ауыл тұрғындарының айтуынша, бір отбасы 1 500 теңге төлесе, келесі үйден 3 000 теңге төлемақы талап етеді. Одан бөлек мұндағы шенділер су сатып тағы қарық. Осыны алған тартқан ауыл тұрғындары мұның барлығы қолдан жасалып отырған қасақана тапшылық екенін айтады, деп хабарлайды КТК.  

"Ауамен айналады, есептегіште, алмаған суымызға, ауаға ақша төлеп отырмыз. "Маңғыстау жылуға" барсаң, "бәрібір төлеу керек, міндетті" деп айтады. Әне, есептегіш құрал су келгенде ауамен айналады". Ауыл тұрғыны

"Су таситын көлікке күніміз қарап отыр. Су таситын көліктер судың төрт текше метріне 10 мың теңге алады. Құбырда су жоқ. Айтсақ, не "Каспий", не "Маңғыстау жылу", не "су тартатындар кінәлі" дейді".Құндыз Әжібаева


Шенеуніктер Мұнайлы ауданында жазда су мәселесі күрт қиындайтынын айтады. Толық қажетті өтеуге 22 мың текше метр су қажет болса, қазір оның жартысынан астамы ғана келіп жатыр. Әзірге осыған қанағат етуден басқа амал жоқ деп отыр.

"Су, жалпы "Каспий су" тұщы су зауытынан алынады. Осы күнге дейін 8 мың мен 10 мың текше метр аралығында алып келдік. 20 шілдеден бастап ауданда берілетін су көлемі 14 мыңға көбейтілді. Батыр ауылына құбырмен беріп отырғанбыз осыған дейін, құбырдан аз келуіне байланысты бере алмай қалдық. Енді 14 мың текше метрді жеті ауылға бөліп беріп жатырмыз". Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаев

Жауапты басшылар осы аптадан қалмай, суды кестеге сәйкес, яғни жетісіне екі күн береміз деп ант-су ішті. Бірақ, "мұндай уәдені соңғы үш жылда түрлі басшыдан естідік" деген жұрт суға жауаптылар мен суды сатып көл-көсір пайдаға кенелгендерді тексерсін деген талап қойды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: