БҚО-да көктемгі су тасқыны кезінде баспанасыз қалған тұрғындар қоныстойын тойлады
Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Биылғы көктемде Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданына қарасты біраз ауыл суға кетіп, тұрғындар баспанасыз қалған еді. Бүгінгі таңда көктемгі су тасқынынан зардап шеккен бөрліліктердің соңғы легі қоныстойын тойлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жақында ғана Ақбұлақ ауылының тұрғындарын қуантқан шара Пугачев пен Кеңтүбек ауылында жалғасты. Көктемгі тасқын судың салдарынан баспанасыз қалған 9 отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге облыс әкімі облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы келіп, қоныстой иелерін құттықтады.
Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Биыл aya райының күрт өзгеруі облысымыздың біраз елді мекен тұрғындарын әбігерге салды. Оның ішінде Бөрлі ауданындағы Кеңтүбек, Пугачев, Аралтал, Қызылтал, Ақбұлақ ауылдары бар. Сіздер сын сағатта сабырлылық танытып, қиындыққа мойыған жоқсыздар. Соның нәтижесінде ауыл тұрғындарының ауызбіршілігінің арқасында жаңа үйлердің салынып біткенін көріп тұрмыз. Біз өз тарапымыздан Мемлекет басшысының қолдауымен арнайы қаржы бөліп, тез арада осы үйлерді пайдалануға беруді басты мақсат еттік. Осы тұста қысқа мерзімде сапалы баспана салып берген "Наз Тур" серіктестігінің басшысына ерекше алғысымды білдіремін. Ал бүгінгі баспаналы болған әр отбасы мүшесінің қуанышына ортақтасып, әр шаңыраққа қуаныш, амандық тілеймін. Ауылымыз өркендеп, дами берсін, табиғаттың тосын сыйынан аман болайық". Облыс әкімі Нариман Төреғалиев
Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Облыс басшысы жұмыс сапарының соңында Кеңтүбек ауылындағы мектептің жағдайын көзбен көріп, ауылдағы электр желілерінің қайта жаңғырту жобасы бойынша жасалып жатқан жұмыстарды пысықтады.
Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз
Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript