Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа баспана берілді

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа баспана берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2023 11:25 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақбұлақ ауылында су тасқынынан зардап шеккен алты отбасы қоныс тойын тойлады. Оларға жаңа үйлердің кілтін облыс әкімі Нариман Төреғалиев табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы көктемде облыстың бірқатар аудандарында тұрғын үйлер су басу аймағында болса, оның ішінде су тасқынынан ең көп зардап шеккен Бөрлі ауданының тұрғындары еді. Тұрғындаға келтірілген шығынды анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, оның қорытындысы бойынша 4 ауылдағы 16 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Билік тарапынан жаңа тұрғын үйлер күн суытпай тұрғызылатыны хабарланды.

Жаңадан бой көтерген үйлердің құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың мамыр айында басталды. Үш ай ішінде Ақбұлақтықтар жаңа үйге қоныс аударды. Ауыл тұрғындарын жаңақоныспен құттықтаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы кез келген төтенше жағдайда зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетуге ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа баспана берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2023 11:25

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

"Бірлік пен ынтымақтың арқасында су тасқынының салдарын азайту үшін дер кезінде шаралар қабылдап, табиғат сынынан абыроймен өте алдық. Төтенше жағдайға қарамастан шыдамдылық танытып, түсіністікпен қараған тұрғындарға алғысым шексіз. Ауыл тұрғындарын қоныс тоймен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа қоныстарыңызда қуанышты күндеріңіз көп болып, шаңырақтарыңыздан шаттық арылмасын", - деді Нариман Төреғалиев.

Жаңа қонысқа көшіп келіп жатқан тұрғындардың бірі Нұрберген Мәженов үйі суға тез толып кеткендіктен, отбасын алып, үйді тастап кетуге мәжбүр болған.

Көктемде үйіміз суға кетіп, қиналып қалдық. Сондай қиын сәтте бізді панасыз қалдырмаған әкімдікке алғыс айтамын. Жаңа үй өте әдемі, ең бастысы жайлы әрі кең, – дейді ақбұлақтық Нұрберген Мәженов.

Бөрлі ауданы әкімдігінің берген мәліметі бойынша,175 өтініш бойынша мүлікті бағалау сараптамасы жүргізілген. Жергілікті бюджеттен 65 тұрғынға 35 млн, "Аманат" партиясы "Ақжайық" қоры арқылы зардап шеккен 93 азаматқа 41 миллион теңге, "Қызыл жарты ай" қоры 177 отбасына 96 миллион теңге көлемінде материалдық көмек берілген. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға аудан әкімдігі тарапынан 31 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілген.

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа баспана берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2023 11:25

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, биылғы жылдың тамыз айының ортасында Бөрлі ауданындағы 3 елді мекенде тағы 10 үй пайдалануға берілмек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: