Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда тұрғындарын сан соқтырған жиһаз жасаушы қолға түсті

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2024 11:54 Сурет: Zakon.kz
Елордалық полицияға белгісіз адамның алаяқтық әрекеттері бойынша қала тұрғындарынан бірнеше арыз келіп түсті.

Азаматтар қаскүнемнің берген уәдесіне алданып, оған алдын ала ақша берген.

Белгілі болғаны, жәбірленушілер сайттан жиһаз жасау туралы хабарландыруды көріп, шебермен кездесуге келіседі. Мекенжайға келген ер адам жиһаз тұратын жерді кесіп-пішіп, тұрғындардың сеніміне кірген.

Клиенттерден ол толық төлемнің 50 пайызын алдын ала алған. Оның уәдесіне сенген 63 жастағы зейнеткер оған 437 мың теңге берген.

Басқа жағдайда ол 48 жастағы ер адамды алдап, одан 300 мың теңге көлемінде ақша алған. Шебер жиһазды қысқа мерзімде жасаймын деп сендіріп, телефонын өшіріп, байланысқа шықпай қойған.

Жәбірленушілер алданғанын сезіп, полицияға арызданған. Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ер адамды анықтады.

Ол 40 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта оның 7 адамды алдағаны белгілі болды. Сондай-ақ оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: