Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысында соңғы бір айда 200-ге жуық қылмыстық іс тіркелген

Қарағанды облысында соңғы бір айда 200-ге жуық қылмыстық іс тіркелген, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2024 15:32 Сурет: Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті
Қарағанды облысында алаяқтық азаймай тұр. Өңірде соңғы бір айда 200-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Оңай ақшаны олжаға айналдырғандардың қармағына түсікендердің шығынын миллиондап санауға болады.

Қарапайым халыққа қанша айтылып жатса да, өтірікке сеніп қалатындар өте көп. Ал алаяқтық істі ашудың өзіндік қиындықтары бар, - дейді полицейлер. Сондықтан профилактикалық жұмысты күшейткен.

Алаяқтарға алданып қалған жандардың бірі Раушан. Әлеуметтік желіні қарап отырып, "көп балалы аналарға көмектесіп, инвестиция құямыз"- деген жарнамаға лүпіл басып өтеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Араға аз уақыт салып сол парақшадағы алаяқтар messenger арқылы уәдені үйіп-төгіп алдымен 10 мың, одан кейін 15 мың сұрайды. Кейін ұтысты болдыңыз, оның коммисиялық қаржысы 400 мың теңге дейді.

"Сізге қуанышты жаңалығым бар, құтты болсын,сізге 7 млн.ақша шығып тұр деді. Менің аты-жөнімді жазған бір квитанцияларды жіберді. Соларды жіберген соң менің басым айналды ма кім біледі, жарайды деп сендім. Гос пошлина төлеңіз деді, оны мен кредит алып төледім." Раушан, Теміртау қаласының тұрғыны

Алданғанын кеш түсінген Раушан полицияға барып арыз жазады. Кибер қылмысқа қарсы күрес мамандары жедел-іздестіру барысында Ұлытау облысына қарасты Жәйрем кентінің 21 жастағы азаматын ұстаған. Қылмыскердің басқа да істерге қатысы бар болып шықты.

"Қылмыскердің тағы осындай 5 адамды алдағаны белгілі болды. Оның Қарағанды облысы көлемінде келтірген шығыны 1 млн теңге шамасында. Сондай-ақ ІІМ-не хаттама жолданып, оның өзге облыстағы тұрғындарды алдау ісіне қатысы бар-жоғы анықталып жатыр." Айбол Төлепбергенов, ПД Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі

Өткен жылы 2 мыңға жуық алаяқтық ісі тіркелген. Көбі әдеттегідей өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Сан соғып қалған жандарға келген жалпы шығын 3,5 млрд теңге. Ал биылғы қаңтар айының өзінде 200-ге жуық қылмыс тіркеліп, азаматтарға 170 миллион теңге шығын келген. Қазір полицейлер мынандай көрнекі ақпаратты ел арасына шығарып жүр. Себебі қолды болған қаржыны іздегеннен гөрі алданбайтын жолды көрсеткен жөн.

"Автошерудің басты мақсаты халыққа жеткізу, интернет алаяқтықтың алдын алу. 00:28 және ақпараттандыру. Себебі соңғы уақытта халықтан шағым өте көп түсуде. Соның алдын алу мақсатында жүргізіп отырған іс-шарамыз." Мира Тастаған, Қарағанды қаласы ПБ әкімішілік полиция инспекторы

Қазір полиция департаментінде "киберпол" деген арнайы бөлім ашылған. Онда ІТ саласының білікті мамандары жұмыс істейді. Осының арқасында былтыр 300-ге жуық қылмыстық іс ашылған. Ұсталғандарды жымқырған қаржының көлеміне қарай 10 жылға дейін бас бостандығынан айырады,-дейді тәртіп сақшылары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: