Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтті

Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 14:39 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше 31775 әскери бөліміне қарайтын шабуылдау батальонының елді мекендегі шартты қарсыласты жою жөніндегі іс-қимылы Саран қаласының өнеркәсіптік аймағында жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов бақылады.

Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 14:39

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша Саран қаласының өнеркәсіптік аймағында шартты қарсыластың бары белгілі болды. Әскери қызметшілер ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың көмегімен жергілікті жерге барлау жүргізді.

Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 14:39

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

"Содырлардың құтылып кетуіне жол бермеу және қосымша күштердің келу мүмкіндігін болдырмау үшін батальон командирі нысананы айнала қоршау туралы шешім қабылдады. Қарсыласты адастыру мақсатында маневр қолданылды, екінші бағытқа да шабуылдау әрекеттері жүргізілді", – деді "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Аслан Кітапбаев.
Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 14:39

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Одан өзге жауынгерлік барлау күзеті мен инженерлік-саперлік бөлімше атыс нүктелерін анықтап, қарсыластың резервін жойды.

Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 14:39

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: